× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Түбек деген не? Арабия түбегі - Жер шарындағы ең үлкен түбек

Түбек дегеніміз жан-жағынан сумен қоршалған, бірақ бір бөлігі құрлықпен қатынасатын жер аумағы.

Мысалы Анатолия түбегі солтүстігінде Қара теңізімен ал онтүстігінде Жерорта теңізімен шектелген, бірақ шығыс жағы Азия құрлығымен шектеседі:

Анатолия түбегі

Осы түбекте қазақ халқына бауырлас түрік пен күрд елдері қоныстанған.

Арабия түбегі - Жер шарындағы ең үлкен түбек

Арабия түбегі Жер шарындағы ең үлкен түбек боп табылады. Бұның ауданы 3,25 миллон шаршы километр.

Арабия түбегі - шығысынан Парсы бұғазымен, онтүстігінде Үнді мұхитымен ал батысында Қызыл теңізімен шектелген. Бірақ солтүстік жағы Еуразия құрлығымен қатынасады:

Арабия түбегі

Арабия түбегінде барша мұсылман қауымына қасиетті шаһарлар - Мекке мен Медина бар. Бұл түбектің климаты ыстық, бұнда шөл көп аумаққа жайылған.

Пән: География