× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ағылшынша эссе. Эссе деген не?

Эссе дегеніміз қысқаша прозалық туынды. Бұнда автор өз сөзімен өз пікірін, ойларын жазады. Эссенің белгілі бір жазу тәртібі жоқ. Бұл еркін стильдегі туынды.

Осы сабақта ағылшынша эссе жазу жолдары көрсетіледі. Бірақ алдымен эссенің не екенің түсіндірейік.

Эссенің белгілері

Туындының нақты тақырыбының бар болуы. Эссе тек белгілі бір мәселелерге ғана арналып жазылады. Бұнда көп тақырыптар болмайды.

Эсседе адамның жеке ойлары жазылады.

Эссенің құрылымы

Эссенің басында автор белгілі бір мәселе жайында өз пікірін білдіреді.

Одан кейін бұл пікірді дәлелдеуге тырысады.

Ағылшынша эссе жазу

Ағылшынша эссені жазғанда, мұғалім эссенің ұзындығын белгілейді, мысалы 200-250 сөз болсын деп. Және тақырыпты береді.

Сіз емтихан тапсырсаңыз бұл жайында алдын ала сұраныз. Әйтпесе эссенің ұзындығы келмейді деп емтиханды қабылдамау да мүмкін.

Ағылшынша эсселердің жазылу схемасы

эссенің аты;

эссенің тақырыбы жайында қысқаша түйіндеме - эссе кіріспесі;

эссенің негізгі бөлігі бұнда автор өз ойларын, пікірлерің дәлелдеуге тырысады, бұл эссенің ең ұзын жері болуы тиіс;

эссенің қорытындысы, бұнда автор эссенің қорытындылайды.

Ағылшынша дайын эссе

Is it better to go on holiday with family or friends? (эссенің тақырыбы)

It is usually thought that going on holidays with friends is much better than spending free time with your family. I completely disagree with it. (эссенің кіріспесі, бар мәселені белгілеу).

First of all, it is much more economical as parents usually pay for their children so you do not have to spend much of your money. Secondly, it may seem that going on holidays with your parents may be boring, but the reality shows that you can have as much fun with your relatives as you could have with your friends. (өз пікіріміз жайында 2-3 дәлел келтіреміз).

There is also an opinion, that spending time with your friend or without your parents makes you more responsible and confident. It is thought that you learn to live on your own. (басқа пікір, сіздің пікірінізге қарама-қайшы пікір).

I cannot agree with this point of view as the adolescence is the process that cannot be fulfilled during your holidays. And sharing time with you family, on the other hand, strengthens your relationship and encourages you to develop core human values. (екі жақтың пікірлерің салыстырамыз).

So whether there is a question who to spend your vacation with, make sure that it will be spent with those who love you most — your family. (эссенің соңында бір қорытындыға келдік).

Пән: Ағылшын тілі