×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Химиялық реакция теңдеулері

Создание сайта в Алматы

Химиялық реакция дегеніміз екі немесе бірнеше заттың молекулалық не атомдық деңгейде өзара әсерлесуі және бұның нәтижесінде жаңа заттардың түзілуі. Мысалы темірден жасалған заттарды тот басады:

тот басты

Бұл темір атомдарының оттегі атомдарымен қосылып темір тотығын түзуі. Алғашында екі зат болды, бұл темір мен ауадағы оттегі, кейін үшінші зат - темір тотығы пайда болды. Химиялық реакция нәтижесінде пайда болды. Осы тотығу себебінен табиғатта көп металдар құм боп қана кездеседі, алтын сияқты кейбір металдарды қоспағанда.

Химиялық реакция теңдеулері

Химиялық реакция теңдеулері реакция нәтижесінде пайда болатын заттарды және олардың мөлшерлерінің өзара ара-қатынасы жайында мәлімен береді.

Бұны құру үшін реакцияның химиялық қасиеттерің білу қажет, химиялық қасиеттерді білмей теңдеуді құра алмаймыз!

Судың түзілуінің теңдеуінің жазайық.

Су

Су, оттегінде сутегінің жанғанында түзіледі. Сутегі мен оттегі реакцияда газ күйінде болады, екі атомдан құралған молекулалар түрінде. Яғни H2 сутегі молекуласы O2 оттегі молекуласында жанады да H2O түзіледі.

Осыны теңдеу түрінде жазайық:

H2 + O2 → H2O

Сутегі оң жақта екеу, сол жақта да екеу. Оттегі сол жақта екеу, оң жақта біреу. Осыны теңестіру үшін судын және оттегінің алдына екіні қоямыз:

2H2 + O2 → 2H2O

Енді теңдеудің екі жағында да сутегі мен оттегінің атомдардың сандары бірдей!

Яғни химиялық реакция теңдеулерің құрғанда, молекулалар мен атомдардың алдына, теңдеудің екі жағындағы атомдардың сандарын теңестіру үшін коэфициенттерді қоямыз.

Пән: Химия

Комменттер

Сәлеметсіз бе ! Маған көмектесіңізші өтініш!

Екі пункттен бір-біріне қарама-қарсы бір уақытта екі автобус жолға шықты. Бірінші автобустың жылдамдығы 35 км/сағат,ал екіншісінікі 62 км/сағат.Екеуі кездескенде бірінші автобус екінші автобусқа қарағанда 125 км аз жүрген болса, онда екінші автобус қанша жол жүрді?

 

Сосын теңдеуді шеш

[9+15]=6

2[2x+5]=-30  

 

Умут Бекжанова

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсізбе!

Бұның шешімі оңай!

S2 - S1 = 125

S1 = v1t

S2 = v2t

S2 - S1 = v2t - v1t = 125

t(v2 - v1) = 125

t = 125/(v2 - v1)

t = 125/(62-35) = 125/27 = 4,6 сағат

S2 = v2t = 62*4,6 = 285,2 км

Жауабы: екінші автобус 285,2 км жол жүрді

Теңдеуде қате бар шығар?

Себебі 16+5 қосындысы 6 тең емес!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою