×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Үйсін мемлекеті, көне үйсіндер

Купить косметику в Алматы

Жетісу жерінде сонау көне заманда орын тепкен айбынды мемлекет - Үйсін мемлекеті. Үйсін мемлекетінің тұрғындарын үйсіндер деп атаған.

Жетісу жерінің құнарлы және пайдалы қазбаларға бай болғандықтан осы мемлекетте сан түрлі өнерлер дамыған. Осы мемлекет жері арқылы көне заманнан бастап Ұлы Жібек Жолы өткен. Сауда мен қалалық мәдениет жақсы дамыған.

Мемлекеттің пайда болуы

Үйсіндер алғашында Ғұндар мемлекетінің құрамында болған деген ақпарат көне қытай жазбаларында кездеседі. Осы мәліметтерге сәйкес үйсіндер біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда ғұндардан бөлініп жеке мемлекет құрған. Осы мемлекеттің негізгі жері Жетісу, бірақ көршілес жерлердің біразі да еңген.

Мемлекет басшысын гуньмо деген. Көне қытайлық Чжан Цянь саяхатшысының жазбалары бойынша Үйсін мемлекетінде 630 мың адам және 188 мың жауынгер бар еді.

Үйсіндердің шаруашылығы

Үйсіндер Қазақстан аумағында мекендеген көптеген көне рулар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықпен шұғылданған. Бірақ халыққа қажетті заттарды өндіретің қалалары да болған.

Өз жазбасы да болған, бұл жайында көне қытай жиһанкездері өз естеліктерінде жазған.

Үйсін атауы

Үйсін атауы тек көне мемлекеттің ғана атауы емес, сонымен қатар қазақтың шежірелерінде көп аталатың рудын да атауы. Үйсін деген атауды Ұлы жүз деген мағынада да қолданылады. Немесе Ұлы жүз рулардың атасы деп те қолданылады.

Үйсіндер тек қана қазақтың ғана бабалары емес, көршілес қырғыздардың да, қарақалпақтардың да ортақ бабалары.

Үйсін мемлекетінің ыдырауы

Мемлекет тұғырына жеткен кезде, үйсіндер ғұндарға да, қаңлыларға да қарсы тұра алған. Ал кейін елде алауыздақ пайда болды да, мемлекет бірнеше бөлікке бөлініп ішкі талас-тартыс басталды. Ел күйзелді,

кедейлене бастады. Сыртқы жауларға бәлендей қарсылық көрсете алмады. Сөйтіп ұлы мемлекеттер қатарынан шығып біртіндеп өзгелерге тәуелді бола бастап мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.

Пән: Тарих