× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Валенттілік, валенттілік кестесі, химиялық формулалар

Зат құрамындағы атомдар саның химиялық формулалар арқылы көрсетіледі. Судын химиялық формуласы H2O бұл дегеніміз оттегінің (O) бір атомымен сутегінің (H) екі атомы қосылған деген. Бұны 2 индексі арқылы білеміз.

Ал алюминий оксидінің химиялық формуласы мынандай:

Al2O3

бұл дегеніміз алюминийдің (Al) 2 атомына оттегінің (O) 2 атомы сәйкес келеді деген.

Бұл коэффициенттерді қалай аңықтай аламыз? Бұған валенттілік ұғымы жауап береді.

Валенттілік ұғымы

Валенттілік дегеніміз атомдардың басқа атомдармен қосылу қабілеттілігін сипаттайтың шама. Мысалы сутегінің валенттілігі бірге (H), ал оттегінің (O) валенттілігі екіге тең болғандықтан, осы атомдардан түзелген судын химиялық формуласы мынандай болады:

H2O

Яғни оттегінің бір атомына сутегінің екі атомы сәйкес келеді.

Бұл молекунаның схемасы:

Су молекуласы

Валенттілік атомның қосылыстар құруға шамасын сипаттайды. Атомның валенттілігі нешеге тең болса, сонша рет атом басқа атомдармен не молекулалармен байланыс түзе алады.

Валенттілік ұғымын пайдалана отырып химиялық формулаларды құра аламыз. Мысалы натрий хлоридінің (ас тұзының) формуласы:

NaCl

Себебі натрий (Na) мен хлордың (Cl) валенттілігі бірге тең.

Жаттығу:

Көміртегінің валенттілігі төртке ал оттегінің валенттілігі екіге тең болса, осы атомдардан құралған көмірқышқыл газының формуласы қандай болады?

Валенттілік кестесі

Кейбір химиялық элементтердің валенттілігі тұрақты болмайды, мысалы мыстың валенттілігі кейбір қосылыстарда бірге, кей жерде екіге тең болады.

Валенттілік кестесі:

Валенттілік кестесі

Пән: Химия