× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қаңлы мемлекеті, қаңлылар

Қаңлы мемлекеті - сонау көне заманнан аңызға айналған. Бұл мемлекет пен елдің атауы көптеген жазба деректерде кездеседі. Әрі сол еңбектерде бұл ел беделді әрі бай болғаның аңғарамыз. Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырдағы көне қытай жазбаларында осы мемлекетте 600 мың адам және 120 мың әскер болғаны жазылады.

Сонау заманда бұндай әскердің бар болуы, бұл мемлекет аумағының кең болғаның аңғарады. Тарихи деректерде Қаңлы мемлекетінің территориясы әрқилы жазылады. Бірақ көбі бұл мемлекеттің негізгі жерлері Сырдария өзенінің аумағы болғанын жазады.

Қаңлылар

Қаңлылар атауы екі мағынада қолданады, бірі көне Қаңлы мемлекетінің тұрғындары деп, екіншісі қазіргі бір рудын атауы ретінде. Бұндай атаулар тек қана қаңлыларға ғана емес, сонымен қатар қыпшақтарға да, наймандарға да орынды.

Тағы бір жәйт қаңлылардың тек қана қазақтарға ғана тиесілі емес, көршілес өзбектерге де, қырғыздарға да және қарақалпақтарға да ортақ. Бұл ортақ мұра.

Көне қаңлылардың көршілерімен қарым-қатынастары

Қаңлы мемлекеті Сырдария аумағында болғандықтан, сонау замандарда бұлардың шығысында Үйсін мемлекеті мен Ғұн мемлекеті болған, ал онтүстігінде юэичлер болған.

Қаңлылар ғұндармен үйсіндерге және оларды қолдаған қытайларға қарсы одақ құрған. Қаңлылар қытайларды талай рет жеңген, қытай басқыншыларының талай әскерін талқандаған. Бұл жайында толығырақ ақпарат алғыныз келсе, Л.Гумилевтің "Ғұндар" және "Көне түріктер" деген кітаптарын оқыңыз.

Ұлы Жібек Жолы және Қаңлы мемлекеті

Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда қытай елі ғұндармен соғысқан. Және талай рет жеңілген әрі кейбір кездерде Ғұн мемлекетіне бодан да болып тұрған. Ғұндарды жену үшін, көне қытай императоры У-ди, ғұндармен бір кезде соғысқан, бірақ жеңіліп батысқа көшіп кеткен ғұндар сияқты көшпелі юэчейлерді тапқысы келді. Солырмен ғұндарға қарсы әскери одақ құру мақсатымен Орта Азияға, өз елшісін Чжан Цяньді біздің заманымызға дейінгі 138-126 жылдары бірінші рет жіберген.

Осы сапарда Чжан Цянь түпкі мақсатына жетпеді, себебі юэчжейлер батысқа көшіп, Амудария өзенінің онтүстік бөлігінде өздерінің мемлекетің құрып, ғұндармен шекаралас болмады, соңдықтан ғұндармен соғысуға ниеті жоқ еді.

Бірақ Чжан Цяньнің бұл сапарының нәтижесінде қытай елі жібекке толы керуендерді батысқа жібере бастады. Осылай атақты Ұлы Жібек Жолы пайда болды. Бұл сауда жолы батыс пен шығысты байланыстырды.

Ұлы Жібек Жолы Қаңлы мемлекетіне пайдалы болды, себебі бұл жолдың кейбір тармақтары осы ел арқылы өтті.

Осының салдарынан қаңлылар мейлінше байыды. Көп қалалар дәл сол кезенде пайда болды.

Пән: Тарих