×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Таза заттар және қоспалар. Біртекті және әртекті қоспалар

Создание сайта в Алматы

Таза заттар бұл бір ғана заттан құралады. Мысалы су таза зат болады. Себебі су тек қана судан ғана құралған:

Су таза зат

Ал қоспалар бірнеше заттың араласуынан құралған. Мысалы саз бен судын араласуынан пайда болған лай су қоспа болады, себебі бұнда екі зат бар - саз және су.

Бірнеше зат араласып біртекті қоспалар құрса бұндайлары біртекті қоспалар. Немесе гомогенді қоспалар деп аталады. Мысалы су мен қантты араластырсақ, пайда болған затта су мен қантты айыра алмайсыз, бұнда біртекті коспа, біртекті зат пайда болады.

Бірнеше затты араластырғанда пайда болған зат біртекті болмаса, ондайлары әртекті немесе гетерогенді қоспалар деп аталады. Мысалы саз бен судын араласуынан пайда болған зат біртекті болмайды - ыдыстың үстінде лай су ал түбінде саз жатады.

Табиғатта таза заттар сирек кездеседі. Себебі қоршаған ортада сан-алуан түрлі заттар бар, және олар бір-бірімен араласа береді. Мысалы судын құрамында тұздар да бар болады. Бұл тұздар жер асты суларында еріп, су құрамына еңеді.

Пән: Химия

Комменттер

Біртекті қоспаға не жатады?

Bekarys Malimbay

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Мысалы тұз бен су. Суға тұзды араластырсаңыз пайда болған қоспадан тұзды да, суды да жеке көре алмайсыз. Тұз су түбіне қалдық боп қалмайды. Бұл біртекті қоспа болады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Біртекті мен Әртектіге мысалдар???

Актау Мангыстау

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Біртектіге - тұз жəне су, қант пен су, сода мен су, иод пен су. Əртектіге су мен балшық, су мен құм.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Біртекті қоспалар əртекті қоспалар қаншаға немесе қалай бөлінеді?

Нұрислам Ескермес

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Біртекті және әртекті қоспалар агрегаттық күйіне байланысты үшке бөлінеді. Газ, сұйық және қатты.

Біртекті қоспалар

Екі не одан да көп газдың қоспасы кейде біртекті болады. Мысалы ауа, ауада оттегі және азот бар (ауаның құрамында өзге газдар да бар), осы қоспа біртекті. Сіз тыныс алып тұрған ауадан азотты не оттегін ажырата аласыз ба? Сұйықтар да біртекті қоспа түзеді, бұларды ерітінділер дейді. Мысалы суға қантты салсаңыз ол қалтықсыз ериді. Яғни біртекті қоспа түзіледі. Қатты заттар да біртекті қоспларды құрай алады. Мысалы мыс пен қалайыны ерітіп араластырады, нәтижесінде біртекті қоспа қола түзіледі. Қола қорытпа болады. Металдардың қоспалары қорытпа делінеді. Мысалы темір мен көміртегінің қоспасы болат деп аталады.

Әртекті қосплар

Түтін мен тұман әртекті газ қоспасы болады. Тұманда ауа мен су бөлшектері біртекті араласпаған. Тұман жер бетіне жеткенде жапырақтардың бетінде шық шығады. Су мен құм біртекті емес қоспаға жатады. Ал қатты заттардан құм мен цементті жатқызуға болады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

3) Біртекті және әртекті қоспаларды бөліп жаз: тұман, топырақ,
газдалған су, түтін, сүт, гранит, қола, бұлақ суы, тіс пас-
тасы, теңіз суы, 583 сынамалы алтын. Әр қоспа үшін заттың
агрегаттық күйін көрсет.

 

Маратулы Динислам

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Тұман - әртекті және газ, топырақ әртекті және қатты зат, газдалған су біртекті әрі газ, түтін әртекті әрі газ, сүт әртекті әрі сұйық, гранит әртекті әрі қатты зат, қола біртекті әрі қатты зат оған қоса метал, бұлақ суы біртекті әрі сұйық, тіс пас-
тасы біртекті әрі сұйық, теңіз суы біртекті әрі сұйық, 583 сынамалы алтын біртекті әрі қатты зат және метал.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою