× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Заттың меншікті жану жылуы

Табғатта сан түрлі отын түрлері бар - ағаш, көмір, газ, мұнай, бензин, керосин және тағы басқалары. Бұлар жанғанда әртүрлі жылу мөлшері бөлінеді. Мысалы көмірдің жану жылуы ағаштың жану жылуынан көп болады.

Физикада заттың меншікті жану жылуы деген термин бар, бұл 1 кг отын жанғанда бөлінетің жылу мөлшері. Бұны q символымен белгілейді:

q = Q/m,

мұнғандағы m - жанған отынның салмағы (килограмм), Q - осы отын жанғанда бөлінген жылу мөлшері (Джоуль). Меншікті жану жылу мөлшерінің өлшем бірлігі Дж/кг.

Мысалы тас көмірдің меншікті жану жылуы шамамен 2,7*107 Дж/кг тең. Ал ағаштың 1*107 Дж/кг тең. Яғни көмірді жаққанда ағашқа қарағанда үш еседей көп жылу мөлшері бөлінеді. Осы себептен жер үйлерде көмірді жағатын пештерді пайдаланады:

Пеш

Меншікті жану жылу кестесі

Заттың меншікті жану жылуы

Есептерді шығару

Бір шелек (12 килограм) антрацит көмірі жанғанда неше жылу мөлшері бөлінеді?

q = Q/m

Q = qm

Q = 3*107 * 20 (антрациттікі q =3*107 Дж/кг, жоғарыдағы кестеден алынған)

Q = 60*107

Q = 6*108 Джоуль.

Жауабы: 6*108 Джоуль жылу мөлшері бөлінеді.

Жеті килограмм спирт жаңғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

Пән: Физика