×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

Купить косметику в Алматы

Кейбір заттар тез қызады, ал кейбір заттар баяу қызады. Мысалы кішкентай кесек қорғасынды отқа жақындатсаныз ол тез қызып балқып кетеді, ал шойыннан не мыстан жасалған заттар бұлай тез қызбайды, тез балқып кетпейді. Бұның себебі неде? Бұған себеп заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп аталатын шамада.

Заттың бір килограмының температурасын бір градусқа жылыту үшін жұмсалатын жылу мөлшері, осы заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп аталады. Және Дж/кг 0С-мен өлшенеді.

Мысалы бір килограмм суды бір градусқа қыздыру үшін 4200 Джоуль жылу жұмсау қажет, яғни судын жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг 0С. Бұл өте үлкен шама! Мысалы алтындікі бар жоғы 130 Дж/кг 0С. Яғни отыз екі еседей аз.

Осы себептен суды жылыту жүйелерінде пайдаланады:

Жылыту радиаторлары

Өйткені су көп жылуды өз бойында "сыйғыза" алады. Су көп жылуды ыстық пештен сіздің үйініздегі радиаторларға дейін тасымалдай алады.

Жылу сыйымдылығының формуласы

Жылу сыйымдылығы мына формула арқылы аңықталады:

c = Q/mΔt,

мұндағы c - заттың меншікті жылу сыйымдылығы, m - заттың массасы, Δt - заттың бастапқы және соңғы температуралар айырымы және Q - жалпы жұмсалған жылу мөлшері.

Жылу сыйымдылық кестесі

Кейбір заттардың жылу сыйымдылық мөлшері мына кестеде келтірілген:

Жылу сыйымдылығы

Жылу сыйымдылыққа есеп шығару

Шәйнектегі (2 литр) жылу (200 C) суды қайнату үшін неше жылу мөлшері қажет?

c = Q/mΔt

Q = c m Δt

Екі литр бұл екі килограмм су.

Δt = 100 - 20 = 80 (судын қайнау температурасы 1000 С).

c = 4200 Дж/кг 0С.

Q = 4200 * 2 * 80

Q = 672000 Джоуль.

Жауабы: шәйнекті қайнату үшін 6,72*105 Джоуль жылу мөлшерін жұмсау қажет.

Күмістен жасалған 5 грамдық сақинаны жиырма градусқа қыздыру үшін неше жылу мөлшері қажет?

Пән: Физика

Комменттер

С2 С1дегенді қалай табамыз? Формуласы қалай?

ALTYN MÁZIRLER

Жауап беру | Өзгерту | Жою

c бұл заттың меншікті жылу сыйымдылығы, мысалы қорғасынның c = 140 Дж/кг C. Бұл дегеніміз қорғасынның бір килограмын 1 градусқа қыздыру үшін 140 Джоуль жылу жұмсау керек. 10 градусқа 140*10 = 1400 Джоуль. Бес градусқа қыздыру үшін неше жылу мөлшері керек?

Кейбір заттардың меншікті жылу сыйымдылықтарын жоғарыдағы кестеден көре аласыз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жоғарыда формуласы тұр:

c = Q/mΔt

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Тұр ғой! Цинк қазақша мырыш деп аталады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Массасы 5кг қыздырылған тас суда 1°С-қа салқындай отырып, оған 2,1 кДж энергия берген. Осы тастың меншікті жылдамдығын қалай анықтайды? 

С=Q/m•∆t 

Бұл формулаға келмейді ғой

Меруерт Беженхан

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Дәл кеп тұр ғой!

c=Q/m•∆t

Сізде m = 5 кг, ∆t = 1°С, Q = 2,1 кДж = 2100 Дж

Бұларды формулаға қоямыз:

c=Q/m•∆t

c = 2100/5*1 = 420 Дж/кг °С

Жауабы:

Тастың меншікті жылу сыйымдылығы: c = 420 Дж/кг °С

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою