×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Этил спирті формуласы. Этил спиртін алу

Создание сайта в Алматы

Этил спирті дегеніміз формуласы C2H5OH болатын спирт. Осы спирттің басқа аты этанол. Немесе бұны жай ғана спирт деп те атайды.

Бұл өндірісте зор қолдыныс тапқан органикалық зат. Этил спирті антифриздерде (суықта қатпайтын сұйықтар), тамақты консервілеуде, арақ-шараптардың құрамында, дезинфекциялық зат тағы сол сияқты бағыттарда қолданылады.

Этил спирті формуласы

Этил спирті формуласы мынандай C2H5OH, бұл осы спирттің молекуласындағы атомдар санын көрсететің формула. Бұл спирттің молекулаларындағы атомдардың байланысы мынандай:

Этил спирті

Этил спиртін алу

Этанолды немесе этил спиртін алу екі негізгі жолмен жүзеге асады - ашу, бозу жолымен және этиленнің гидратациясын пайдаланып.

Ашу, бозу арақ-шараптарды жасау үшін қолданылады. Мысалы жүзім ашыса шарап пайда болады. Ал ақ арақ бидайдың ашығанында пайда болады. Сыра да осы жолмен жасалады.

Арақ-шарапты ішпеңіз, себебі бұл заттар ағзаға зиянды! Жастығында арақты көп ішкендер, қартайғанда бұның зардабын көреді - бүйрегі аурады, беті тез әжімдерге толады, жүрегі де зардабын көреді.

Этиленнің гидратациясы дегеніміз мынандай химиялық реакция:

CH2=CH2 (этилен) + H2O (су) → C2H5OH (этил спирті)

Пән: Химия

Комменттер

Тез жауап бере аласыз ба?

Этил спиртинин сапалық реакциясы кандай

Сірке алдегидінің сапалық реакциясы кандай

Сірке кышкылынын сапалық реакциясы кандай

Gold Fire

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Этил спиртінің сапалық реакциясы:

С2Н5ОН + 6 NaОН + 4 I2 = CHI3 +HCOONa  + 5 NaI +  H2O

Осы реакция нәтижесінде сары тұнба түзіледі. Йодоформа деген сары зат. Бұл сары зат этил спиртінің төмен концентрацияларында да пайда болады, яғни этил спиртінің түзілуін біле аламыз.

Сірке альдегидінің сапалық реакциясы:

CH3CHO+Ag2O = CH3COOH +2Ag

Бұл күміс айна реакциясы деп аталады. Яғни реакция нәтижесінде колбада күміс түзіледі. Осы реакцияның көмегімен әйнектер жасалады. Яғни шыныны жұқа күміс қабатымен көмкереді.

Сірке қышқылының сапалық реакциясы:

CH3COOH+Cu(OH)2=Cu+2CO2+3H2O

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Этил, метил спиртінің құрылымдық реакциясы?

Жанар Мукарамова

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Этил, метил спиртінің құрылымдық реакциясы

 

Жанар Мукарамова

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Метил спиртінің құрылымдық формуласы:

Метил спирті

Ал мынау этил спиртінің:

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою