×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бірмүше, көпмүше, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Купить косметику в Алматы

Бірмүше деп айнымалылардың және сандардың көбейтіндісінен ғана тұратын өрнек. Мысалы 2ab өрнегі бірмүше болады, себебі бұнда екі a және b айнымалыларының және 2 санының көбейтіндісі ғана тұр.

Мына өрнектердің қайсысы бірмүше болады: 5ab, 5x, a+b, -17xy2? Жауаптарын түсіндіріп беріндер.

Бірмүшеліктің дәрежесі

Бірмүшеліктің дәрежесі айнымалылардың дәрежелерінің қосындысы арқылы аңықталады. Мысалы 5a бірмүшенің дәрежесі бірге тең, себебі a айнымалының дәрежесі бірге тең және ол жалғыз айнымалы.

Ал -15b3y көпмүшеліктің дәрежесі 3+1 = 4 тең. Себебі b дәрежесі үшке ал y дәрежесі бірге тең.

Жоғарыдағы бірмүшеліктердің дәрежелерін табындар.

Көпмүше

Көпмүше дегеніміз бірнеше бірмүшеліктің қосындысынан не алымынан тұратын өрнек. Мысалы x2 + 3y өрнегі көпмүшелік болады, себебі бұл өрнек екі x2 және 3y бірмүшеліктен құралған. 7x - 2xy те көпмүше болады.

Өз бетімен бірнеше көпмүшелікті құрындар.

Көпмүшеліктің дәрежесі

Көпмүшелік бірмүшеліктерден құралған. Әрбір бірмүшеліктің дәрежесі бар. Көпмүшелікте бар бірмүшеліктердің ең үлкен дәрежесі көпмүшеліктің дәрежесі деп аталады.

Мысалы x2 + 3y көпмүшеліктің дәрежесі екіге тең, себебі x2 дәрежесі екіге ал 3y дәрежесі бірге тең.

Жаттығу ретінде жоғарыдағы көпмүшеліктердің дәрежелерін табындар.

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз бұл көпмүшелікті дәрежесі төменірек көпмүшеліктердің көбейтінділері етіп көрсету.

Мысалы x2 - y2 көпмүшелігін көбейткіштерге жіктелуі мынандай болады:

x2 - y2 = (x - y)(x + y)

Теңдіктің сол жағында екінші дәрежелі көпмүшелік, ал теңдіктің оң жағында екі бірінші дәрежелі көпмүшеліктердің көбейтіндісі тұр.

Жаттығу ретінде мына көпмүшелікті жіктеңіз:

x4 - y4

Пән: Математика

Комменттер

Көпмүше деп нені айтамыз?

Айбек Байбөрі

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Көпмүше деп бірнеше бірмүшеліктердің қосындысынан не алымынан құралған өрнек. Мысалы 5x2 - 7y өрнегі көпмүшелік бола алады, себебі бұл өрнекте екі 5x2 және 7y бірмүшеліктің айырымы бар.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою