× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Электр заряды дегеніміз не? Электр зарядының сақталу заңы

Электр заряды дегеніміз не? Электр тоғы не екенің әрбір адам біледі әрі пайдалынады, бұл зарядталған бөлшектердің қозғалысы, ал электр заряды осы зарядталған бөлшектердің жинақталған қоры.

Электрон зарядталған бөлшек, теріс зарядқа ие. Протон да зарядталған элементарлы бөлшек боп табылады, оның заряды электронның зарядына тең, тек таңбасы оң.

Заряды бар заттар бір-бірімен әсерлеседі, зарядтары бір таңбалы болса, заттар бір-бірінен итеріледі, таңбалары бірдей болса тартылады:

Зарядталған заттардың әсерлесуі

Зарядтың өлшем бірлігі

Зарядтың өлшем бірлігі Кулон деп бекітілген. Бір Кулон дегеніміз бір секунд ішінде тоқ күші бір Амперге тең өткізгіш арқылы өткен заряд мөлшері.

Шарль Кулон (1736-1806) көрнекті француз физигі, ол 1785 жылы электр зарядтардың бір-біріне әсерлесу күшінің мөлшерің есептеуге мүмкіндік беретің заңды ашты.

Электр зарядының сақталу заңы

Тұйық жүйеде электр зарядының жалпы мөлшері тұрақты боп тұрады. Бұл массаның сақталу заңы сияқты. Тұйық жүйе дегеніміз сыртқы ортамен электрлік байланыстары жоқ жүйе.

Электр зарядының сақталу заңын мына тепе-теңдікпен бейнелеуге болады:

q1 + q2 + ... + qn = const, мұндағы q1, q2, ... qn бұл зарядтар. Яғни зарядтардың қосындысы тұйық жүйеде тұрақты болады.

Пән: Физика