× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бөлу амалы

Бөлу амалы деген не? Көбейтуге кері амал бөлу амалы деп аталады. Мысалы бөтелкенің сыйымдылығы 2 литр болса, 10 литрлік шелекті толтыру үшін неше бөтелке қажет?

Бұны былай жазуға болады 10 = a*2.

Қандай санды екіге көбейтіп онды аламыз? Жауабы бесті, а беске тең, себебі бесті екіге көбейтсек он болады.

Көбейту амалы : не / символымен жазады. Яғни 10:2 = 5 немесе 10/2 = 5.

Жаттығу ретінде мыналарды орынданыз: 4/2, 8/4, 12/6.

Бөлу амалының қасиеттері

(a+b)/c = a/c + b/c

Мысалы:

4/2 = (2 + 2)/2 = 2/2 + 2/2

4/2 = 1 + 1

4/2 = 2

(a-b)/c = a/c - b/c

Мысалы:

27/3 = (30 - 3)/3

27/3 = 30/3 - 3/3

27/3 = 10 - 1

27/3 = 9

(a/b)/c = a/b*c

Мысалы:

(4/2)/2 = 4/(2*2)

(4/2)/2 = 4/4

(4/2)/2 = 1

Пән: Математика