× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Функция графигі, графикті салу

Функция графигі жазықтықта функциялық тәуелділікті бейнелеуге мүмкіндік береді.

Мысалы y = x+1 сызықтық функция графигің салу керек болса, x = 1, x = 2, x = 3,... деп аламыз да осыған сәйкес y есептейміз де осы нүктелерді саламыз да олардың арасын сызықпен қосамыз.

x = 1, y = 1+1 =2, сонымен бірінші нүктеміз (1; 2).

x = 2, y = 1+2 =3, екінші нүктеміз (2; 3).

x = 3, y = 1+3 =4, үшінші нүктеміз (3; 4).

Осы нүктелерді координат өсінде салсақ, мынандай график пайда болады:

Сызықтық функция графигі

Бұл түзу болады.

Жаттығу ретінде y = 2x - 1 функциясының графигін салып көрініз.

Дәл осы әдіспен графиктерді сала аласыз. Графикті салу үшін математикалық анализ әдістері де пайдалынады.

График салу алгоритмі

y = f(x) функциясының графигін салу үшін, x-ке әртүрлі мәндер береміз де, осы мәндерге сәйкес y = f(x)-ді есептейміз де (x, y) нүктелерін жазықтықта саламыз.

Неғұрлым көп нүкте салсақ, соғұрлым график дәлірек болады.

Пән: Математика