×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Унитарлы мемлекет дегеніміз не? Қазақстан унитарлы мемлекет

Создание сайта в Алматы

Унитарлы мемлекет дегеніміз не? Бүткіл мемлекет аумағында біріңғай заңдар, біріңғай ту, біріңғай ән-ұран, біріңғай басқару тәсілі бар мемлекеттер унитарлы деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекетке жатады, себебі мемлекет құрамында өзге автономиялы мемлекеттік құрылымдар жоқ. Қазақстанның барлық облыстарында, барлық қалаларында, барлық ауылдарында заңды күшіне ие бір ғана конституция бар.

Ресей унитарлы мемлекетке жатпайды, себебі осы мемлекет аумағында өзге ұлттардың өзіндік ұлттық басқару органдары бар. Мысалы, Татарстан мен Башқұртстанда өз президенттері, өз парламенттері бар. Татарстан парламенті шығарған заңдар Татарстан аумағында заң күшіне ие, бірақ Ресейдің басқа жерлерінде, мысалы Башқұртстанда, бұның күші жоқ.

Унитарлы мемлекеттің белгілері

Біріңғай заңдар, біріңғай конституция. Қазақстан Республикасы аумағында толық күшке ие заңдар бар. Бұл заңдар бүткіл ел аумағында күшіне ие, Атырауда күшке ие, Талдықорғанда күші жоқ заңдар бізде жоқ!

Федеративті мемлекеттерде бұлай емес.

Біріңғай мемлекеттік тіл. Қазақстан аумағында ресми тіл бұл қазақ тілі. Орыс тілі көмекші тіл. Басқа мемлекеттерде де бұндай бар.

Біріңғай басшылық. Унитарлы мемлекетте бір ғана басшылық бар, мысалы Қазақстан Республикасында бір жоғарғы сот бар, бір парламент бар, бір президент бар.

Әлемдегі унитарлы мемлекеттер картасы

Унитарлы мемлекеттер

Осы картада унитарлы мемлекеттер көк түспен, ал федеративті мемлекеттер қоңыр түспен боялған.

Пән: География