× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

География деген не

География деген не? География сөзі көне грек тілінен "жерді сипаттау" деп қазақшаға аударылады. Бұны Эратосфен ғұлама ғылымға 2200 жылдан бұрын еңгізген. Эратосфен "География" деген кітапты жазған. Бұл кітапта географиялық мәліметтер келтірілген.

География жер бетін зерттейтің ғылым саласы. Қандай мемлекеттер бар? Қандай өзен ең ұзын? Әлемде ең биік қандай тау сияқты сұрақтарға жауап береді. География екі бағытқа бөлінеді - физикалық және экономикалық.

Физикалық география

Физикалық география жер бедерін зерттейді. Осы ғылымның негізгі бағыты - тауларды, шөлдерді, өзендерді, көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды зерттеу.

Мысалы Каспий теңізінің географиясы осы теңіздің - пайдалы қазба байлықтарын, суда жүзетің балықтарды, бұл теңіз қандай мемлекеттерге тиесілі сияқты мәселелерді зерттейді.

Экономикалық география

Экономикалық география әлемде бар мемлекеттерді зерттейді. Әрбір мемлекеттің шаруашылығын, халқын, экономикасын зерттейді.

Мектепте экономикалық география физикалық географиядан кейін оқылады.

Пән: География