× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Потенциалдық энергия

Потенциалдық энергия дегеніміз күштердің әсерінде болатың дененің, орналасуына байланысты туындайтың энергия түрі.

Мысалы допты жер бетінен 1 метр биіктікке көтерсек, допта потенциалдық энергия пайда болады. Бұл энергия көзге көрінбесе де, допты жібергенде, доп жоғары-төмен қарай секіре бастайды.

Бұл неліктен қозғалады? Себебі допты көтергенде, допта қосымша потенциалдық энергия пайда болады. Бұл энергия допты жібергенде кинетикалық энергияға айналады, яғни доптың жылдамдығы артады.

Жер бетінен h биіктікке көтерілген салмағы m болатың дененің потенциалдық энергиясы мына формула арқылы есептелінеді: 

W= mgh, мұндағы g = 9,8 м/с2

Мысалы жер бетінен 10 метр биіктікке көтерілген салмағы 10 килограмм дененің потенциалдық энергиясын есептейік:

W= 10 * 10 * 9,8 = 980 Джоуль (Джоуль энергияның өлшем бірлігі).

Жаттығу:

20 метр биіктікке көтерілген салмаы 30 килограмм дененің потенциалдық энергиясы неге тең?

Потенциалдық энергия тек қана жер бетінен көтерілгенде ғана пайда болмайды. Потенциалдық энергия басқа бір күштердің әсерінде болатың жағжайларда да туындауы мүмкін, мысалы серіппені қысқанда.

Пән: Физика