× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Уақыт пен кеңістік

Уақыт пен кеңістік физикада маңызды рөль атқарады. Бұл ұғымдарсыз физиканы елестету мүмкін емес.

Жылдамдық, энергия, масса, арақашықтық, импульс және тағы сол сияқты ұғымдар уақыт пен кеңістіктің көмегімен аңықталады.

Уақыт

Уақыттың негізгі қасиеттері - шынайы бар болады, бір қалыпты, үзіліссіз, бір бағытта өтеді. Мысалы қантар айынан кейін ақпан айы, одан кейін наурыз айы болады. Уақыт бір бағытта жүреді. Ақпан айынан кейін қантар айы болмайды. Себебі уақыт бір бағытта жүреді.

Уақыт үзіліссіз, уақыт тоқтамайды. Уақыт бір қалыпты болады, бүгінгі секунд пен минут, кешегі секунд пен минуттай өтеді. Екеуі де бірдей. Өйткені уақыт бір қалыпты өтеді.

Уақыттың өлшем бірлігі секунд.

Кеңістік

Кеңістіктің негізгі қасиеттері - шынайы бар болады, шексіз, үш өлшемді, материямен біртұтас. Кеңістік шексіз дегеніміз денелердің жан жаққа шексіз тарала алатыны. Кеңістік үш өлшемді, әрбір дененің ұзындығы, еңі және қалындығы бар болады.

Кеңістік шынайы бар, себебі біз осы кеңістікте орналасып тұрмыз.

Ұзындықтың өлшем бірлігі метр.

Уақыт пен кеңістіктің негізгі қасиеттері осы.

Пән: Физика