× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Планеталар

Планеталар дегеніміз ғарыштағы шар тәріздес алып денелер. Бұлардың жұлдыздардан айырмашылығы материяның жанып өте көп мөлшерде жылу мен жарық шығармауында. Планеталардың бірі адамзат мекен тапқан - Жер планетасы.

Планеталар өзге меториттер мен астероидтардан немен ерекшелінеді? Шар тәрізді пішінмен.

Күн жүйесіндегі планеталар

Күн жүйесінде сегіз планета бар.

Планеталар

Осы суретте Күн жүйесіндегі планеталар көрсетілген (планеталар масштатбы сақталмаған).

Планеталардың орналасу тәртібі - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Плутон ұзақ уақыт бойы планеталар қатарында болған, бірақ Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен 2006 жылы Плутон планеталар қатарынан шығарылды.

Планеталардың өлшемдері

Күн жүйесінде орналасқан планеталар арасында ең үлкен планета - Юпитер планетасы, оның диаметрі 139 822 км. Сатурн планетасы екінші орында оның диаметрі 116 464 км. Бұдан кейінгі орында Уран планетасы оның диаметрі 50 724 км. Төртінші орында Нептун планетасы, оның диаметрі 49 244 км. Осымен алып планеталар тізімі бітті. Одан кейінгі орындарда Жер тәріздес кішілеу планеталар.

Бесінші орында Жер планетасы оның диаметрі 12742 км. Алтыншы орында Шолпан планетасы оның диаметрі 12103,6 км. Марс планетасы жетінші орында, оның диаметрі 6780 км. Сегізінші орында Меркурий планетасы оның диаметрі 4879,4 км.

Ал Күннің диаметрі 1 392 000 км.

Жер, Шолпан, Марс, Меркурий планеталары қатты заттардан құралған, ал қалған алып планеталар газдан құралған.

Пән: Астрономия