×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ағылшынша айлар

Купить косметику в Алматы

Ағылшынша айлар осы сабақта баяндалады. Ағылшын тіліндегі айлардың, қазақ тіліндегі айлардан айырмашылығы бұлардың әрқашан бас әріппен жазылуында. Қазақша 8 ақпан деп жазсақ, ағылшынша бұлай жазуға болмайды! Айларды тек үлкен әріптермен ғана жазу қажет!

Мысалы былай - the end of March (наурыз айының соңында).

January [ 'dʒænju(ə)ri ] қантар

February [ 'febru(ə)ri ] ақпан

March [ mɑ:tʃ ] наурыз

April [ 'eipr(ə)l ] сәуір

May [ mei ] мамыр

June [ dʒu:n ] маусым

July [ dʒu'lai ] шілде

August [ ɔ:'gΛst ] тамыз

September [ sep'tembə ] қыркүйек

October [ ɔk'təubə ] қазан

November [ nəu'vembə ] қараша

December [ di'sembə ] желтоқсан

Ағылшын айлардың бас әріппен жазылуы бұлардың адамның не құдайдың атымен аталуында. Мысалы July айы бұл Гай Юлий Цезарьдің құрметіне аталған. Басқа айлар көне римдіктерден ағылшын тіліне келген.

Пән: Ағылшын тілі

Комменттер