× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Табиғатты зерттеу әдістері

Табиғатты зерттеу әдістері физикалық заңдылықтарды табу үшін қолданылады. Бұлардың ішіндегі ең көп қолданылатыны - бақылау, эксперимент немесе тәжирибе және теориялық зерделеу.

Бақылау дегеніміз ғылыми деректерді жинау. Мысалы күндізгі және түнгі температураны метеоролгтар (ауа райын зерттеушілер) күн сайын өлшеп жинақтайды. Кейін бұл мәліметті талдайды да қорытады. Мысалы қазан айында орташа температура 200 С болды, немесе 150 С болды деп айтады. Я болмаса келесі жылы қазан айының температурасын болжау үшін осы мәліметтерді қолданады.

Табиғатты зерттеуде бақылаулар маңызды рөл атқарады, бақылаулар негізінде көптеген теориялар мен заңдар ашылған!

Эксперимент немесе тәжирибе дегеніміз табиғат құбылыстарың қолдан жасау. Мысалы денені биіктіктен құлату, дене неше секундта және қандай биіктіктен құлады? Бұны өлшейді. Я болмаса денелерді қыздырып, олардың балқу температураларын аңықтау үшін эксперимент жасау қажет. Мыс неше градуста балқиды? Бұған жауапты тек тәжиребе ғана бере алады.

Тәжіребе жасау үшін өлшеу сан-түрлі құралдары пайдалынады, бұндай құралдарға сызғышты, сағатты, таразыны, термометрді жатқыза аламыз.

Сызғышпен арақашықтықты өлшейді:

Сызғыш өлшеу құралы

Таразымен салмақты өлшейді:

Таразымен салмақты өлшейді

Көптеген тәжиребелер мен бақылауларды ғалымдар қорытып, бір тұжырым жасайды, бұны гипотеза деп атайды. Бұл теориялық зерделу әдісі. Яғни құбылыстарды оймен қорытып байланыстыру.

Мысалы Исаак Ньютон ағаштан жерге құлаған алманы да Жерді Күнге тарттатың күш те бір күш деп тұжырымдады. Кейін осы күштің массасы бар барлық денелерге әсер ететінің өзінің "Табиғи философияның математикалық бастамалары" деген кітабінде дәлелдеген. Бұл күш қазір гравитация күші деп аталады. Табиғатты зерттеуде И. Ньютонның орны ерекше!

Гипотеза бақылаулардын жүйелеу нәтижесі. Гипотезаның дұрыстығын эксперимент көрсете алады. Мысалы біреу пластмасса жанады ал біреу жанбайды деп екі қарама-қайшы гипотезаларды ұсынса, бұны қалай тексере аламыз? Тек қана пластмассаны жағып эксперимент жасасақ.

Пән: Физика