× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ерте темір дәуірі

Ерте темір дәуірі дегеніміз адамзат темірді алғаш рет өндеп, күнделікті өмірде кеңінен қолдана бастаған уақыт. Бұл дәуір Қазақстан аумағында біздің заманымызға дейінгі 8 және 5 ғасырлар аралығында болған.

Темір қола мен таспен салыстырғанда берік және жеңіл металл. Бұл металдан жасалған қылыш, қоладан жасалған қылышты қақ бөле алады. Соңдықтан темірден жасалған қару-жарақ кеңінен пайдалана бастады да қоланы біртіндеп ығыстыра бастады.

Қуатты тайпалық одақтардың пайда болуы

Ерте темір дәуірінде адамдардың саны артты, сыртқы жаулардан қорғану үшін адамдар топ-тобымен біріге бастады. Көп ру бірігіп тайпаны құрды, тайпалар бірігіп тайпалар одағын құрды. Сөйтіп бүткіл әлемге әйгілі - сақ, ғұн, сармат, қаңлы, үйсіннің тайпалық одақтары дүниеге келді.

Бұл тайпалар біздің ата-бабаларымыз, бұлар жайында барлық көне авторлар жазған. Гректер мен римдіктерден бастап сонау қытайлықтар мен үнділерге дейін.

Көшпелі мал шаруашылығының дамуы

Осы дәуірде көшпелі мал шаруашылығы дамыды, малға бай ел бақытты өмір сүре алды. Көшпелі мал шаруашылығы егіншілкті Қазақстан аумағында біртіндеп ығыстыра бастады, себебі климат өзгерді де жауын-шашын көлемі азайды. Жауын-шашыны аз Қазақстанның өнірлерінде мал шаруашылығы тез дамыды.

Тек мол суы бар өзендердің жағалауларында ғана егіншілік жедел дамыды. Мысалы Сыр бойында. Егіншілік бар жерлерде қалалар пайда бола бастады.

Пән: Тарих