× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Энеолит дәуірі немесе мыс-тас ғасыры, Ботай тұрағы

Энеолит дәуірі немесе мыс-тас ғасыры дегеніміз біздің заманымызға дейінгі 3000-1800 жылдар аралығын қамтыған көне дәуір. Бұл дәуірде мыс пен өзге металдар пайдалана бастады. Бірақ тас та қолданыстан шығып кетпеді, соңдықтан бұл заманды мыс-тас ғасыры деп атайды.

Энеолит сөзі мыс-тас ғасыры деп қазақшаға аударылады.

Осы дәуірде адамдар арасында еңбек бөліншілігі орын алды, егіншілік пен мал шаруашылығы. Егінді егетің адамдар тастан жасалған соқамен жерді қазған. Мал шаруашылығымен айналасатын адамдар малдарын жабайы жыртқыштардан қорғап қоралар салған.

Сойылған малдардың терілері үйлердің шатырлары ретінде пайдаланылды.

Ботай тұрағы

Ботай тұрағы энеолит дәуіріндегі тұрақ. Бұл тұрақ шамамен біздің заманымызға дейінгі 3-2 мыңжылдықтарда қоныстанған. Осында 158 үй бар. Ал тұрақтың жалпы ауданы 15 гектар.

Ботай тұрағы

Археологтар Ботайда сан түрлі пышақтарды, инелерді, кәселерді тапты. Сонымен қатар бұл жерде адамзат тарихында алғаш рет ат қолға үйретілді. Бұл жаңалық адамзаттың дамуына елеулі үлес қосты, себебі адамдар жаяу жүрмей атты пайдаланып үлкен арақашықтарға бара алған. Сонымен қатар адамдар көтере алмайтын жүктерді аттарға жүктеген.

Пән: Тарих