× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Неолит дәуірі немесе жаңа тас ғасыры

Неолит дәуірі немесе жаңа тас ғасыры біздің заманымызға дейінгі 5 мен 3 мынжылдықтар аралығында болған дәуір. Бұл заманда адамдар едәуір дамыған, тас ғасырының өзге дәуірлеріне қарағанда адамдардың дамуы осы дәуірде жоғары сатыға көтерілген.

Неолит тас ғасырының соңғы дәуірі. Бұдан кейінгі замандарда металдар пайда болады да, металдар тастын орнын күнделікті өмірде ығыстыра бастайды, металдардан жасалған құралдар көбірек пайдалана басталады. Себебі металдар тастан берік әрі өнделуге бейім материал. Металды майыстыруға, соғуға, ұзартуға болады, ал тас майыспайды, бір соқсан үгіліп сынады. Есесіне металдан жасалған бұйымдардың салмағы да аз еді. 

Тас өндеуде көптеген жаңа құралдар пайда болған, мысалы балта. Тастан жасалған пышақтар да тас ғасырының өзге дәуірлерден гөрі осы дәуірде бір төбе жақсырақ өнделген.

Қыш құмыраны жасау

Осы неолит дәуірінде адамзат қыш құмыраны немесе кераиканы жасауды үйренді. Бұл заманда керамика көп пайдаланды, сондықтан осы дәуірді кейде қыш құмыралар дәуірі деп те атайды.

Қыштан жасалған ыдыстар:

Қыштан жасалған ыдыстар

Керамиканы жасау үшін ұста саздан пішін жасайды да, бұл пішінді отқа күйдіреді. Отқа күйген саз қатаяды да керамикаға айналады.

Керамика саздан жасалады, қыштан жасалған ыдыстардың, тастан жасалған ыдыстарға қарағанда бірнеше ерекшеліктері бар еді - бұл ыдыстардың салмағы жеңілірек еді, қыштан жасалған ыдысты қалаған пішінде жасауға болады және керамикалық ыдысты жасауға кеткен уақыт тасты оюып ыдысты жасаудан азырақ еді.

Қазақстан территориясындағы неолит ескерткіштері

Осы күнге дейін археологтар 800-ге жуық неолит заманындағы адамдардың тұрақтарын Қазақстан территориясында тапқан. Біздің ел неолит заманындағы адамдар тұрақтарына бай.

Қазақстан территориясында неолит заманында мал өсіру кең тарай бастады. Мал шаруашылығы маңызды рөл атқара бастады. Себебі мал шаруашылығының өнімділігі жоғары еді. Малдың еті асқа ал терісі киім жасауға жұмсалған.

Пән: Тарих