× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тас ғасыры

Тас ғасыры дегеніміз адамзат тарихында болған бір үлкен дәуір. Осы заманда негізінен тастан жасалған құралдар пайдалынылған, тас деп аталуының себебі осыдан.

Тас ғасыры б.з.б 2,6 миллион жылдан бастап б.з.б 3 мыңжылдықты қамтыған.

Тас ғасырда пайдаланылған қарулар:

тас ғасыры

Суретте көрініп тұрғандай, адамдар тек қана тасты ғана емес, сонымен қатар ағашты да пайдаланған.

Тас ғасырының бөлінуі

Тас ғасыры - палеолит, мезолит және неолит деп үш үлкен кезеңге бөлінеді. Бұлардың ең ұзағы палеолит. Палеолит б.з.б 2,6 миллион жылдан бастап б.з.б 12 мыңжылдықты қамтиды.

Палеолит дәуірінде адамдар пайда болды. Бұл дәуірде адамдардың алғашқы қауымдары да пайда болған.

Тас ғасырының аяқталуы

Тас ғасыры адамзат мысты өндіруді ойлап тапқаннан кейін аяқталды. Сөйтіп мыс-тас дәуірі немесе энеолит дәуірі басталды. Адамзат металлдарды кеңінен пайдалана бастайды.

Пән: Тарих