× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Хақназар хан

Хақназар хан 1538-1580 жылдар аралығында Қазақ хандығында хан болды. Хақназар ханның шын аты Ақназар еді, бірақ қазақ халқы оның әділеттігін, адалдығын, даналығын ескерте отырып Хақназар деп атап кеткен.

Оның әкесі атақты - Қасым хан, Қазақ хандығының күшеюіне, дамуына және қазақ халқының бірігуіне елеулі үлес қосқан данагөй хан еді.

Хақназар ханның билікке келуі

Құдыретті Қасым хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығында азаматтық соғыс басталды, елде бірнеше хан пайда болды. Бұның салдарынан Қазақ хандығының территориясы азая түсті. Батыстан ноғалар, онтүстіктен шейбанилер, солтүстіктен Сібір хандығы, шығыстан моғолдар мен қалмақтар шабуылдап, бейбті елдің мазасын кетірді. Ел қорғансыз қалды.

Қазаққа батыр, ақылды, данагөй хан ауадай қажет еді. 1538 жылы қазақтың біразі қосылып Хақназарды хан етіп сайлады. Осы уақыттан бастап Қазақ хандығының қайта күшею дәуірі басталады.

Қазақ хандығының қайта күшеюі

Хақназар хан билікке келгеннен кейін ел мен жерді жау әскерінен босата бастады. 1556 жылы Хақназар хан Моғолстан әскерін талқандайды да Жетісуды моғолдардан босатады да Қазақ хандығына қайтадан қосады.

Моғолстан деген қандай мемлекет? Бұлар моңғолдар ма? Моғол билеушілері мен моғол елі түркі тілді. Моғолстан мемлекетінің құрамына - керейлер, жалайырлар, наймандар, ұйғырлар, дүнгендер сияқты тайпалар мен елдер кірген.

1569 жылы Хақназар хан Ноғай ордасының әскерін талқандап Қазақ хандығына Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын қосады.

Сібір ханы Көшіммен соғысып, Қазақ хандығына Сары Арқаны қосады. Сөйтіп қазіргі Қазақстанның территориясы қалыптасады.

Шейбани мемлекетімен соғыс

Шейбанилер қазақтармен талай жылдар бойы соғысып келген. Бұл соғыстардың басты себебі Сыр бойындағы қалалар. Түркістан, Сауран, Сығнақ, Ташкент сияқты қалалар біресе қазақтар қолында болған, біресе өзбектерге көшкен.

Хақназар ханның тұсында Шейбани мемлекетінде алауыздық туындады. Бұхарда Абдолла 2 хан болса, Ташкентте Баба сұлтан билік құрды. Екеуінің арасында ұзақ уақытқа созылған соғыс болды.

Бұл соғысқа Хақназар хан қатысып отырды, біресе Абдолланы біресе Баба сұлтанды қолдап отырды. Сөйтіп Шейбани мемлекетінің бірігуіне жол бермеді. Шейбани мемлекетінің билеушілері біріксе, қай жаққа әскерінің аттарын бұрады? Қазақ еліне қарсы, қазақ жеріне қарсы!

Пән: Тарих