×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Биология пәні

vk

Биология пәні мектеп бағдарламасының бір пәні. Биология сөзі көне грек тілінің "биос" - өмір және "логос" - ғылым деген сөздерден шыққан. Яғни биология термині қазақшаға өмірді зерттеу дегенді білдіреді.

Биология Жер планетасында өмір сүретің тірі ағзалар жайлы ғылым. Жабайы және үй жануарлары, өсімдіктер, бактериялар, саңырауқұлақтар, адамдар тағы сол сияқты тірі ағзалар жайлы ғылым.

Биосфера қабаты

Жер планетасында өмір сүретің тірі ағзалар мекендейтің қабат биосфера деп аталады. Құстар мен бактериялар жер бетінен жоғары көтеріледі, ал ұсақ теңіз жәндіктері мен балықтар теңіздер мен мұхиттардың түбіне дейін сүнгиді. Бұның бәрі биосфераға жатады.

Биосфера қабатының схемасы:

Биосфера қабаты

Биология ғылымының мәні

Биология ғылымының әдістері экономиканың алуан түрлі салаларында қолданылады. Мысалы ауыл шаруашылығында биологияның маңызы зор. Өсімдіктерді өсіру, суару, зиянкестермен күрес жүргізу сияқты мәселелер биология ғылымының көмегімен оң шешім табады.

Я болмаса үй жануарларының ауруларға төзімді түрлерін шығару да биология ғылымының еңшісінде. Биология саласында жұмыс істейтің мамандарды биологтар деп атайды.

Биология ғылымының салалары

Биология ғылымының мына салалары мектепте оқылады - ботаника, зоология, эволюция теориясы, анатомия. Ал жалпы биология салалары бұдан көп.

Ботаника өсімдіктер жайлы биологияның бір үлкен саласы. Зоология жануарлар жайлы ғылым. Эволюция теориясы бұл жануарлар мен өсімдіктердің пайда болуының және дамуы жайлы ғылым. Ал анатомия бұл тірі ағзалардың дене мүшелерінің қызметтерің зерттейтің ғылым саласы.

Пән: Биология