× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Осы сабақта өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау жолдары қарастырылады. Бұл әдістер электр өткізгіштер қосылған жүйенің толық кедергісің есептеу үшін қолданылады.

Электр батареяларынан тоқ күшінің және кернеудің керекті мөлшерін алу үшін осы ережелер пайдалынады.

Өткізгіштерді параллель жалғау

Өткізгіштерді параллель жалғау дегеніміз мынау:

Өткізгіштерді параллель жалғау

Бұнда екі өткізгіш бөлек-бөлек боп желіге қосылып тұр. Электрлік кернеу екі өткізгіште бірдей:

U = U1 = U2

Ал тоқ күштері қосылады:

I = I1 + I2

Ом заңына сәйкес:

R = U/I

Бұдан:

R = U/(I1 + I2)

Теңдіктің оң жағындағы бөлшектің алымын және бөлімің U-ге бөлейік:

R = U/U/(I1 + I2)/U

R = 1/(I1 + I2)/U

R = 1/(I1/U+ I2/U)

Өткізгіштердегі электрлік кернеу бірдей:

U = U1 = U2

Осыдан:

I1/U = I1/U1 = 1/R1

I2/U = I2/U2 = 1/R2

Осы теңдіктерді жоғарыдағы формулаға қоямыз:

R = 1/(1/R1+ 1/R2)

Немесе:

1/R = 1/R2 + 1/R2

Бұл формула параллель қосылған n өткізгіш үшін де орынды:

1/R = 1/R2 + 1/R2 +...+1/Rn

Сонымен өткізгіштерді параллель жалғағандағы толық кедергі мына формуламен аңықталады:

1/R = 1/R2 + 1/R2 +...+1/Rn

Мысалы бірінші өткізгіштің кедергісі 100 Ом ал екінші өткізгіштің кедергісі 50 Ом болса, оларды параллель жалғағандағы жалпы кедергі қандай болады?

R1 = 100, R2 = 50

1/R = 1/R1 + 1/R2

1/R = 1/100 + 1/50

1/R = (50+100)/50*100

1/R = 150/5000

1/R = 3/100

R = 100/3

R = 33,3...

Жауабы 33,3 Ом.

Өткізгіштерді тізбектей жалғау

Өткізгіштерді тізбектей жалғау дегеніміз осы:

Өткізгіштерді тізбектей жалғау

Бұнда электр өткізгіштердің ұштары бір-біріне жалғанған. Электр тоғының күші бірдей:

I = I1 =I2

Ал электр кернеулері қосылады:

U = U1 + U1

Соңғы теңдіктің екі жағын электр тоғына бөлеміз:

U/I = U1/I + U2/I

Ом заңына сәйкес:

R = U1/I + U2/I

Электр тоғы бірдей болғандықтан:

I = I1 =I2

R = U1/I + U2/I = U1/I1 + U2/I2

R = R1 + R2

Бұл формула тізбектей қосылған n өткізгіш үшін де орынды:

R = R1 + R2 +...+ Rn

Яғни өткізгіштерді тізбектей жалғағандағы жүйенің толық кедергісі мына формуламен аңықталады:

R = R1 + R2 +...+ Rn

Бір өткізгіштің электр кедергісі 300 Ом ал екіншісінің кедергісі 100 Ом болса, оларды параллель және тізбектей жалғағандағы кедергілерің есептендер.

Пән: Физика