× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сілтеме деген не? Link тэгі

Сілтеме деген не? Сілтеме дегеніміз бір сайтта екінші бір сайтқа не осы сайттын бір бөлігіне апаратын элемент.

Мысалы мынау басты бетке апаратын сілтеме болады, себебі "басты бет" деген жазуға бассаңыз сіз осы сайттын басты бетіне ауысасыз, яғни www.alash.info бетіне ауысасыз.

Қазіргі заманғы сайттардың барлығында сілтеме қоюдын құралдары бар, бұл құралдардың көмегімен сілтемелерді жеңіл жолмен қоюға болады.

HTML сілтемелер

Осы жерде HTML көмегімен сілтеме жасау жолдары қарастырылады. Бұл материал тек html бағдарламауды үйренгісі келетің адамдар үшін ғана керек.

HTML-дің көмегімен бірнеше бетті жасап, олардың арасын сілтемелермен қосуға болады Бұл үшін link тэгі қолданылады.

Бір папкаға екі - index.html, eki.html файлдарың орналастырыңыз:

index.html документіне мына кодты еңгізіңіз:

Енді осы index.html браузерде ашайық:

Көріп тұрғанымыздай біздің html документімізде сілтеме пайда болды, осы сілтемеге бассақ eki.html документі ашылады.

link тэгінің синтаксисі

Осы тэгтің синтаксисі мынандай:

<a href='адрес' title='сілтеменің тайтлы' target='_blank' >сілтеменің тексті</a>

Сілтеменің адресі ретінде html документің я болмаса сайт бетінің адресін (мысалы былай http://example.com/page12 жазуға болады, сілтеменің тайтлы және сілтеменің тексті ретінде кез келген тексті еңгізе аласыз, target='_blank' атрибуты сілтемені жаңа терезеде ашу үшін қажет (бұл атрибутты қоймасақ сілтеме әдеттегідей ашылады, істеп көріңіз!).

Ескерту

<a href='адрес' > және </a> араларына суретті де орналастыруға болады.

Яғни суретті сілтемеге айналдыруға болады.

Пән: Бағдарламау