×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі, тең үшбұрыштар

Создание сайта в Алматы

Екі үшбұрыш тең деп аталады, егер олардың сәйкесінше қабырғалары және градуспен есептелген сәйкесінше бұрыштары тең болса. Осы сабақта үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі оқылады.

Теорема

Бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы, екінші үшбұрыштың сәйкесінше қабырғалары мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұндай үшбұрыштар тең болады.

Бұны мына суретте көре аласыз:

Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі

Осы суреттегі BAC және B1A1C1 үшбұрыштар тең, себебі BAB1A1, AC = A1C1 және олардың арасындағы бұрыштар да тең. Сіз қағазға екі тең үшбұрышты салып көріңіз.

Пән: Геометрия

Комменттер

KL=NM=4см,1 бұрыш 2бұрыштан тең,КМ 3см LNұзындығы қалай табылады

Isabek Arai

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Бұл есептің суреті:

Үшбұрыш

KL = NM = 4см, 1 бұрыш 2 бұрыштқа тең, КМ 3см. LN неге тең?

Суретте көрсетілген KMN және NLK үшбұрыштарының екі қабырғалары тең, KL = NM = 4см. KN қабырғасы ортақ. Және 1 мен 2 бұрыштар тең. Сондықтан үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі бойынша бұл үшбұрыштар тең (тең үшбұрыштардың барлық сәйкесінше қабырғалары және бұрыштары өзара тең болады), яғни LN = KM = 3см.

Жауабы: LN = 3см.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сұрағыныз жоқ қой! Жазыныз жауап береміз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Егер AB=DE, AC=EF және А бұрышына Е бұрынына тен болса онда кескінделген үшбұрыштар тен бола ма ?

Zhanserik Abdulla

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә тең болады, жоғарыдағы теоремаға сәйкес. Себебі екі үшбұрыштардың екі қабырғалары өзара тең және олардың арасындағы бұрыштары да.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою