×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сәуле дегеніміз не?

Купить косметику в Алматы

Сәуле дегеніміз не? Түзуде жатқан әрбір нүкте, түзуді екі бөлікке бөледі:

Сәуле деген не?

Осы суреттегі c түзуінде жатқан A нүктесі, түзуді екі бөлікке бөледі. Осы түзудің бір жағы, сауле деп аталады. Және бұны бағытаушы арқылы белгілейді:

Сәуле дегеніміз не?

Суреттегі сәуле A нүктесінен басталады да, бағыттауыш көрсетілген бағытта шексіз жалғасады. Соңдықтан сәулені былай да көрсете аламыз:

Сәуленің аңықтамасы

A нүктеден басталып, бағыттауыш бағытымен шексіз созылған етіп. A нүктесі сәуленің басы деп аталады.

Сәулені белгілеу

Сәулелерді түзулерді белгілегендей, латын алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен қатар сәуленің бас нүктесі мен сәуленің бойында жатқан кез келген нүктенің екеуін қатар жазып та сәулені белгілейді:

Сәулені белгілеу

Осы суреттегі сәулені AB деп белгілейді. Сіз бір сәулені сызыңыз да оны белгілеңіз. Схема, сурет салу арқылы геометрияны тез меңгере аласыз.

Пән: Геометрия

Комменттер

Қандай фигура сәуле деп аталады

Бексейт Донаев

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәуле бір нүктеден және одан бір бағытта, бір түзудің бойында жатқан нүктелерден құралған фигура:

Сәуле деген не?

Мысалы осы суреттегі сәуле C нүктеден және осы нүктеден бір бағытта созылған нүктелерден құралған. Бұл нүктелер бір түзудің бойында жатады. Суретте сәуле шағын етіп көрсетілген, бірақ бұны ойша ондан солға қарай жалғай беріндер. Өйткені сәуленің ұзындығы шексіз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Толықтауыш сәулеге мысал керек суреті қажет болып тұр

 

Dreamof Happy

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Түзуде жатқан нүкте екі сəулені тудырады:

Толықтауыш сəуле

Бұл суреттегі А нүктесінен басталып оң жаққа созылған сəуле бар. Оған қоса осы А нүктесінен сол жаққа созылған сəуле бар. Осы екі сəуленің бірі екіншісіне толықтауыш сəуле болады.

Толықтауыш сəуле бұл сəулені түзуге дейін толықтыратын сəуле.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою