× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Кесінді деген не? Кесіндінің ұзындығы

Кесінді деген не? а түзуінде төрт A, B, C және D нүктелерін салайық:

Кесінді

B нүктесі A және C нүктелерінің арасында жатыр. Ал D нүктесі A және C нүктелерінің арасында жатпайды.

AC кесіндісі деп A және C нүктелерінің арасында жатқан барлық нүктелердің жиынтығын атаймыз. Бұндай нүктелер шексіз көп. A және C нүктелері кесіндінің ұштары деп аталады.

кесіндісің екі AB және BC кесінділеріне бөлуге болады. BC кесіндісі деген не? Бұны қалай түсінесіз? Жауабын түсіндіріп беріңіз.

Кесіндінің негізгі қасиеті

Түзуде жатқан үш нүктенің тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады.

Мысалы жоғарыдағы суреттегі A, B, C нүктелерінің тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатыр, бұл B нүктесі:

Кесінді

B және D нүктелерінің арасында қандай нүкте жатыр?

Кесіндінің ұзындығы

Кесіндінің ұзындығы бар болады. Бұл ұзындықты арнайы өлшеу құралдармен өлшей аламыз. Мысалы сызғыштың көмегімен:

Кесіндіні сызғышпен өлшеу

Суреттегі AB кесіндінің ұзындығы 9 сантиметрге тең.

Кесіндіні өлшеу

Әрбір кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы бар болады. Және кесіндіні бір нүктемен екі кесіндіге бөлсек, пайда болған кесінділердің ұзындықтарының қосындысы, бастапқы кесіндінің ұзындығына тең.

Мысалы жоғарыдағы ұзындығы 9 сантиметрге тең AB кесіндісің C нүктесімен екі AC және CB кесінділерге бөлейік:

Кесіндінің қасиеттері

AC кесіндінің ұзындығы 5 сантиметрге тең, CB кесіндінің ұзындығы 9 - 5 = 4 сантиметрге тең.

AC мен CB кесінділердің ұзындықтарының қосындысы:

5 + 4 = 9 сантиметр

AB кесіндісінің ұзындығы да 9 сантиметрге тең.

Жаттығу ретінде ұзындығы 7 сантиметр болатын кесіндіні салыңыз, және бұл кесіндіні екіге бөліп, пайда болған кесінділердің ұзындықтарының қосындысың есептеңіз.

Кесіндіні үшке не төртке бөлсек, кесіндінің бұл қасиеті орындалады ма?

Пән: Геометрия