×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Түзу деген не? Жазықтықтағы түзу, түзуге тиісті нүкте

Купить косметику в Алматы

Түзу деген не? Жазықтықтағы түзу дегеніміз екі жаққа шексіз созылған геометриялық фигура:

Түзу

Түзулерді латын алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді, мысалы a, b, c, d,... деп.

Түзуге тиісті нүктелер

Түзудің үстінде жататың нүктелерді түзуге тиісті немесе түзу осы нүкте арқылы өтеді дейді. Мысалы мына а түзуі бойында екі нүкте жатады (A және B нүктелері):

Түзу және нүкте

Бір түзуді және осы түзуге тиісті нүкте салыныз.

Сонымен қатар түзуді осы түзуде жататын екі нүкте арқылы да белгілеуге болады, мысалы жоғарыдағы a түзуің AB деп те белгілеуге де болады.

Түзуде жатпайтын нүктелер

Түзуде жататын және түзуде жатпайтын нүктелер бар болады:

Нүкте және түзу

Осы суреттегі А нүктесі түзудің үстінде жатады, ал B нүктесі осы түзуде жатпайды. B нүктесі осы түзуге тиісті емес.

Түзуде жатпайтын нүктелерді салып көрініз.

Түзулердің қасиеттері

Қандай түзуді алмасақ та, осы түзуге тиісті және тиісті емес нүктелер бар болады. Кез келген екі нүкте арқылы түзу өткізуге болады, және бұндай түзу тек бір ғана.

Мысалы жоғарыдағы мысалдағы суреттегі екі A және B нүктелері арқылы а түзуі өтеді:

Түзу

Және бұндай түзу тек бір ғана!

Қиылысқан түзулер

Мына суретте a және b түзулері және осы екі түзуге тиісті D нүктесі көрстеліген:

Түзулердің қиылысуы

D нүктесі екі түзуге ортақ, бұл нүкте екі түзудің қиылысу нүктесі деп аталады. Түзулердің қиылысуы деген осы. Бұл екі түзу қиылысқан түзулер деп аталады. Өз бетімен үш қиылысқан түзулерді салып көрініз.

Пән: Геометрия