×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жарнама деген не? Жарнама жасау үлгісі, жарнама туралы ережесі, жарнама қазақша

Жарнама деген не? Жарнама бұл тауар не қызметтің сатылым көлемін көбейту үшін жасалатын ақпарат. Мысалы аялдамада мынандай сурет тұруы мүмкін:

Жарнама деген не? Аялдамадағы жарнама

Бұның мақсаты аялдамаға келетін адамдарға халал мейрамхана жайлы хабар беру, хабарландыру. Бұдай суреттерді баннерлер деп атайды. Бұл жарнама жасау үлгісі бола алады. Бұл баннерде мейрамхананың - сайты, телефоны, адресі келтірілген. Біреу қызықса барып ауқаттанады, мекеменің иесі бұдан пайда табады. Яғни жарнаманың арқасында табысын арттырды.

Жарнаманың негізгі міндеті сатылым көлемін арттыру!

Тегін жарнама жасау

Осы сайтта хабарландыру тақтасы бар, соны пайдаланып тегін хабарландыруларды бере аласыз. Және бұл тегін. Тіркелу де тегін, хабарландыру қосу да тегін.

Жарнама дизайны

Тауарды сату үшін жарнаманың бағытың және дизайның жасау керек болады. Қандай текст керек? Қандай ақпарат маңызды? Тауарды қалай жарнамалау керек? Бұл сұрақтарға жауап берейік.

Тауардың басқаларға қарағанда ұтымды қасиеттері бар болады. Бұл бағасы болуы мүмкін, өзгелерден арзан болуы. Немесе сапасы нарықтағы басқа тауарлардан артық болуы мүмкін. Немесе жақын жерде орналасуы мүмкін. Осыны текстке қосу керек.

Ал дизайнға келсек бұл оп-оңай жасалатың дүние! Мысалы кафені жарнамалайтың даладағы баннердің дизайның жасап көрейік.

Алдымен кафенің бір дәмді тағамын суретке түсірейік:

Жарнама

Жарнамаға алынатын сурет сәнді және мағыналы болуы керек. Ұсқынсыз, мағынасыз суреттер адамдарды қызықтырмайды.

Осы суретті екіге бөлейік те жазу жазайық:

Жарнама дизайны

Бұл бес минутта істелінген баннер. Мамандар болса дизайны тым қарапайым деп сынамасын. Бұл бет дизайнер болғысы келетіндерге бір сабақ қана ғой.

Енді бұны қалай жасадық, соңы талқылайық (бұл үшін Фотошоп, Корел не басқа графикалық редакторларды пайдалану керек, немесе онлайн фотошопты)!

Суреттің оң жағында төрт бұрыш бар. Бұның түсі суреттің оң жағындағы тағамның түсімен үйлеседі. Дәлірек айтсақ бұл түс сол жақтағы тағамда көп кездеседі. Соңдықтан төртбұрыш пен сурет үйлесімді болады.

Шрифтерге келсек бұл стандартты Roboto шрифтісі. Кафенің аты, мәтінің тақырыбы үлкен қою шрифтпен ал басқа текст кіші майда шрифтпен жазылған. Кафенің жұмыс істеу уақыты Segoe Print шрифтімен жасалған, бұл жазу өзгелерден ерекше, көзге көрінетіндей болу үшін!

Интернетте талай сәнді шрифтер бар. Мысалы - Open Sans, Pattaya, Nautilius Pompilius, Montserrat, Bookman және басқалары. Бұлар Гуглдың шрифтерінде бар. Сол сервисте әдемі шрифті таңдауға болады. 

Жарнама агенттігі немесе орталығы

Жарнама агенттігі бұл халыққа, елге тауар мен қызметтердің сатылымын арттыра алатын мекеме. Осындай орталықтардың көмегімен тауарлар жайында мәліметті бүткіл қалаға не елге таратуға болады.

Сыртқы жарнама

Сыртқы жарнама бұл аты айтып тұрғандай даладағы баннерлер, билбордтар, видео экрандар, дисплейдер және тағы сол сияқтылары. Бұлардың мақсаты көшеде жүрген адамдардың назарын керек тауар не қызметке бұру. Тауардың танымалдығын арттыру.

Таргетинг деген не?

Таргетинг бұл жарнаманы керек жерде ғана көрсету. Мысалы Семейдің кинотеатрында көрсетілетің фильмге Алматы қаласында жарнама жасаудың керегі жоқ, себебі Алматыда бұл фильм жергілікті кинотеатрларда көрсетіледі. Соңдықтан жарнама белгілі жерде, не белгілі қауымға ғана көрсетілсе, бұл таргетинг. Мысалы сайтқа жарнама біреу берсе, бұнда таргетинг бар, яғни берілетің жарнама тек белгілі жерлерде ғана көрсетіледі, бұл үшін арнайы скриптер бар.

Сайтқа кірген адамның ұялы телефоны тұрған қаласы жайында мәліметті сайтқа жібереді де, керек қаладағы жарнама сайтта көрсетіледі. Таргетинг дегеніміз осы.

Жарнама туралы ереже

Елімізде неше мың жарнама беретің компаниялар бар. Және бұны жасайтың жарнама агенттіктері бар. Бұлардың қызметі заң жүзінде реттеледі. Ешкім ойына келгенің елге жая салмайды, бұл заңға қайшы болмауы керек. Сол үшін арнайы Жарнама туралы ереже бар.

Бұл ереже сәйкес - елді билікке қарсы арандату, елдің біртұтастығына қарсы келетің шаралар ұйымдастыруды үгіттеу, діни қақтығыстарды үгіттеу, ұятсыз дүниелерді көрсету және тағы сол сияқтылары тыйым салынған.

Жарнама туралы заң да бар.

Достармен бөлісу:

Санат: Руханият