×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қазақстан тарихы - хронологиясы, кезеңдері, оқиғалары

Қазақстан тарихы - хронологиясы, кезеңдері, оқиғалары көне заманнан осы күнге дейін келтірілген. Бұл бетті қазақ тарихының қысқаша конспекті етіп дәптерге жазып алуға болады. Кейін тест тапсырғанда керек болады.

Сақ дәуірі

Сақ дәуірі біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдық пен біздің заманымыздың алғашқы ғасырларына дейінгі кезеңді атайды. Бұл заманда Қазақстан мен Орта Азияда және Онтүстік Ресейде сақ, скиф, сармат, массагет, тигрохауд және тағы басқа тайпалар одақтары болған. Бұлардың жалпы атауы сақтар, еуропадағы сақтарды скифтер деп те бөліп айтады. Бірақ бұл бір-біріне туыстас тайпалар.

Сақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Онтүстік аймақтарда қалалары да болған. Солардың ең әйгілісі Арал теңізі маңындағы Шірік-Рабат.

Сақтардың хронологиясы

Б.з.д 530 жылы сақтардың патшасы Томирис Кирді жеңді,     
б.з.д 519 жылы сақ батыры Шырақ Бірінші Дарийдің әскерің алдап шөлге әкеледі де парсы әскері шөлдеп қырылады, Дарий аз әскерімен әрен дегенде аман қалады 
б.з.д 330-327 жылдары Сыр бойындағы сақтармен Ескендір Зұлқарнайын сәтсіз соғысады
б.з.д 3 ғасырда дай тайпалары Иранға келіп өздерінің Парфян мемлекетің құрады. Басшысы Аршақ
б.з.д 2 ғасырда Бактрия, Соғды сияқты елдерді жаулап алады. Сол жерлерде болған Грек-Бактрия мемлекетің құлатады

Қаңлылар мен үйсіндер

Біздің заманымызға дейінгі екінші ғасырда Сыр бойында Қаңлы ал Жетісуда Үйсін мемлекеттері пайда болады. Бұл екі мемлекет шекаралас болған, сақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Қалалары көп болған.

Ұлы Жібек Жолының пайда болуы

Б.з.д 138 - 126 жылдары Чжан Цянь қаңлылар, үйсіндер жерінен өтіп Орта Азия елдеріне дейін саяхаттап барады. Осы тарихшының айтуынша қаңлыларда 120 000 әскер бар болған. Ал үйсіндердің әскері 130 мындай.

Қытай ғұндармен соғыста одақтас іздеп, Чжан Цяньді батысқа жібереді. Ферғананың жылқыларың көріп, қызығады. Қытайдан бірнеше керуен император жібереді. Сөйтіп Ұлы Жібек Жолы пайда болады.

Түріктер

552 жылы Алтайда билік құрған тегі түрік Бұмын қаған моңғолдың Жужан мемлекетің талқандап, Түрік қағанатың құрады. Түрік қағанаттар пайда болады.

552 жылы Бумын қаған Түрік қағанатының негізін құрады 
553-572 жылдары Түрік қағанатта Мұқан қаған билік құрады
552-576 жылдары Естеми қаған Қазақстан мен Орта Азияны билейді, Естеми қаған Мұқан қағанға тәуелсіз билік құрады
560-565 жылдары Естеми қаған Иран шахы Хосров Ануширванмен пен бірге Эфталит мемлекетің талқандайды
568-571 жылдары Естеми қаған Иранмен соғысады
603 жылы Түрік қағанаты Шығыс пен Батыс боп бөлінеді
603-704 жылдар аралығында Батыс Түрік қағанаты Қазақстан мен Орта Азияда үстемдік етеді
704-756 жылдары Түргеш қағанаты құрылады
8 ғасырдың басында арабтар Онтүстік Қазақстанның біраз қалаларын, аз уақытқа жаулап алады
715-738 жылдары Түргеш қағанатында Сұлу қаған билік құрады. Түргештердің атақты көсемі - Сұлу қаған арабтарды жеңеді
746 жылы қарлұқтар Жетісуға көше бастайды
751 Атлах шайқасы. Қытай мен Араб халифаты арасындағы ірі шайқас. Қытайлар жеңіледі. Бұл шайқаста қарлұқтар арабтарды қолдап, жеңіске жетеді
756-940 жылдары Қарлұқ қағанаты билік құрады
8 ғасырда Қимақ қағанаты құрылады
9 ғасырда Оғыз мемлекеті құрылады
744 жылы Шығыс Түрік қағанатың ұйғырлар талқандайды. Орнына Ұйғыр қағанаты құрылады
744-840 жылдары Ұйғыр қағанаты билік құрады
840 Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанатың талқандайды
870-950 жылдары Әбу Насыр Әл-Фараби өмір сүреді. Шығыстың Екінші Ұстазы (Аристотельден кейін). Туған жері Отырар қаласы
942-1212 жылдары Қарахан мемлекеті өмір сүреді
960 жылы ислам діні Қарахан мемлекетінде мемлекеттік дін деген дәреже алады
965 жылы оғыздар Киев Русімен одақ құрып, Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан кезінде қуатты болған Хазар қағанатың талқандайды
985 оғыздар Киев Русімен бірге Еділ Бұлғариясын талқандайды. Бұл сонау заманда қазіргі Татарстан жерінде орын тепкен көне мемлекет
11 ғасырда Қимақ қағанатында билікке қыпшақтар келеді. Оғыздарды қыпшақтар Сыр бойынан ығыстырады
1128-1212 Жетісуда Қарақытай мемлекеті пайда болады

Моңғол шапқыншылығы

1203 жылы монғолдар Кейейт мемлекетің жаулап алады
1204 жылы моңғолдар Найман мемлекетің жаулап алады
1206 жылы Темучин Шыңғыс хан деген атақ алады. Қазіргі Моңғолиядағы түрік-моңғол руларын біріктіреді. Моңғол империясы құрылады
1219-1224 жылдары Шыңғысхан Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алады
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болады
1227-1255 жылдары Бату хан Жошы ұлысында билік құрады
1236-1242 жылдары Бату хан Киев Русі мен Шығыс Еуропа елдеріне жорыққа аттанады. Киев Русің бағындырады
1243 жылы Алтын Орда мемлекеті құрылады
1257-1266 жылдары алтын Ордада Берке хан билік құрады. Берке хан Шыңғысханның немересі, Бату ханның інісі. Ислам дінің қабылдаған
1266-1280 жылдары Алтын Ордада Мөңке хан билік құрады
1312-1342 жылдары Алтын Ордада Өзбек хан билік құрады. Ислам діні мемлекеттік дін деген мәртебесіне ие болады
1359-1379 жылдары Алтын Ордада хандар көп ауысады. Елде тұрақсыздық орнайды. Орталық билік әлсірейді
14 ғасырдың ортасынан 16 ғасырдың басына дейін Жетісу жерінде Моғолстан мемлекеті орнайды
1348-1362 жылдары Тоғылық Темір Моғолстанда билік құрады. Моғолстан күшті мемлекетке айналады
Ақ Ордада 1361-1376 жылдары Орыс хан билік құрған
1370-1405 жылдары Мауернахрда Әмір Темір билік құрады. Бар өмірің Әмір Темір көрші мемлекеттерді тонаумен өткізеді. Көрші, бауырлас мемлекеттерге қарсы жүргізген соғыстардан түскен пайданы Самарқанд, Бұқара, Түркістан және басқа қалаларды көркемдеуге жұмсайды
1380-1395 жылдары Алтын Ордада Тоқтамыс хан билік құрған. Осы Тоқтамыс хан тұсында Алтын Орда Әмір Темір әскерінен жеңіліп, мемлекет ретінде әлсірей түсті. Алтын Орданың көп қалалары қиратылды
1428 жылы Ақ Орда құлайды. Орнына Әбілқайыр хандығы құрылады
1428-1468 жылдары Әбілқайыр ханы билік құрады
1457 жылы Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде ойраттардан жеңіледі. Әбілқайыр хан көп ақша беріп ойраттардан құтылады

Қазақ хандығы

Әбілқайыр ханнан 1459 жылы Керей мен Жәнібек ханға наразы халықты бастап Моғолстанға көшіп кетеді.

1465 жылы Талас жерінде Қазақ хандығы құрылады
1465-1474 жылдары Керей хан Қазақ хандығында билік құрады. Қазақтың хандығының алғашқы ханы - Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Бұйдаш және өзге сұлтандармен бірге Қазақ хандығын қалыптастырады
1474-1480 жылдары Қазақ хандығында әз-Жәнібек хан билік құрады. Әз дегені ақылды, дана деген мағына береді
1480 жылдары Бұрындық хан билік құрады. Керей ханның баласы Бұрындық хан Қазақ хандығын Қасым сұлтанмен бірге басқарады. Екеуі мемлекетті күшейтеді
1500 жылы Мауарнахрды Әбілқайыр ханның немересі Шайбани хан жаулап алады. Әмір Темір ұрпақтарынан Орта Азия қалаларың Шайбани хан тартып алады
1510 жылы Қасым сұлтан Шайбани ханның әскерің талқандайды
1511-1518 жылдары Қасым хан билік құрады. Дәл осы тұста Қазақ хандығы қатты күшейеді. Әскер саны 300 мыңға дейін жетеді деп жазды Мұхаммед Хайдар Дулати. Ал халық саны бір миллионнан асты. Еділ мен Жайық арасындағы Ноғай Ордасының біраз рулары Қазақ хандығына қосылды
1538-1580 жылдары Қазақ хандығында Қасым ханның баласы Хақназар хан билік құрды. Хақназар хан әкесінің хандығын қайта күшейтті (Қасым хан қайтыс болғаннан кейін қазақтар әлсіреп кеткен). Осы хан қазақ жерін ойраттардан, Орта Азиялық шайбанидттерден, ноғайлардан, моғолстандықтардан қорғады
1580-1582 жылдары Шығай хан билік құрды
1583-1598 жылдары Шығай ханның баласы Тәуекел хан билік құрды. Тәуекел тұсында Сыр бойындағы қазақтың көне қалалары Қазақ хандығына толығымен қосылды. Шайбани әулеті талқандалды. Ойраттардың біразы қазаққа бағынды
1598-1628 жылдары Тәуекел ханның інісі Еңсегей бойлы ер Есім хандық құрды. Есім хан сыртқы және ішкі жаулармен соғысты. Тұрсын хан бүлік шығарып өзін жеке хан етіп жариялады. Есім хан Тұрсын ханды ұйықтаған жерінде өлтірді
1603-1624 жылдары Бұхар хандығы Қазақ хандығына қарсы сәтсіз соғысты
1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп Жоңғар хандығын құрды. Мақсаты бай мұсылман елдерің тонау, өз мемлекетің құру. Алғашқы басшысы Батыр қонтайшы
1643 жылы 50 000 жауынгері бар Батыр қонтайшы Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханың 600 сарбазынан жеңіледі. Жәңгір ханға көмекке Самарқан билеушісі Жалаңтөс баһадүр 20 000 әскермен келеді. Жоңғарлар қазақ жеріне жорықтарын уақытша тыяды
1652 жылы Жәңгір хан жоңғарлармен соғыста қайтыс болады. Жәңгір хан Есім ханның баласы әрі ізбасары
1680-1715(1718) жылдары Қазақ хандығын атақты әз-Тәуке хан басқарады
17 ғасырдың соңында Жәңгір ханның баласы Тәуке хан "Жеті Жарғы" заңдар жинағын құрастыруды бастайды. Бұған атақты үш би қатысады - Ұлы жүзден Төле би, Орта жүзден Қазыбек би және Кіші жүзден Әйтеке би.
1710 жылы Қарақұмда құрылтай өтеді. Осы құрылтай нәтижесінде қазақтың үш жүзінен әскер бөлінеді де жоңғарларға қатты соққы береді

Достармен бөлісу:

Санат: Руханият