× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тұрмыстық химия

Тұрмыстық химия бұл күнделікті өмірде пайдалынатын тазалау заттары. Мысалы кір жуғыш ұнтақ, ыдыс жуғыш ұнтақ және басқалары. Тұрмыстық химияға - киімді, ыдысты, бөлмелерді және көліктерді тазалауға арналған заттарды жатқызады.

Хабарландыру жоқ!
Сайтқа тіркеліп, бірінші боп осы қалада (категорияда) хабарландыру бер!

Тұрмыстық химияға қатысы бар заттардың сан алуан түрлері бар. Бұлар бірнеше категорияларға жіктеледі. Осылардың жіктелуін мына жерде сипаттап береміз. Нарықты бұндай заттар көп көлемде бар.

Жуғыш заттар

Бұларға сабындарды, кір жуу ұнтақтары, үйдегі жиһазды жууға арналған заттар, көлікті жуу заттары және басқалары жатады. Бұлардың түрлері сан алуан. Себебі нарықта бұндай тауарлар үлкен сұранысқа ие.

Тазалау заттары

Бұндай заттарға - тазалау ұнтақтары, кілемдер мен ковроландарды тазалауға арналған заттар, көлікті тазалауға арналған заттар, сантехникалық құбырларды тазалауға арналған заттар, дәретхана мен жуыну бөлмелерің тазалауға арналған заттар және басқалары жатады. Бұлардың да көп түрлері бар және бұлар да халық арасында сұранысқа ие.

Дезинфекциялық заттар

Дезинфекциялық заттар бұл бөлмені не затты залалсыздандыратың өнімдер. Зиянды бактерияларды жоюға арналған заттар. Мысалы шаштараздарда шашты қиятын қайшыларды арнайы, микробтарды жоятын сұйықтарға салады. Осының арқасында шаш қиғанда бір адамның ауруы, екінші адамға жұқпайды.

Ауа тазартқыш заттар және ароматизаторлар

Ауа барлық жерде бірдей таза болмайды. Кейбір жерлерде жағымсыз иістер пайда болады, мысалы дәретханаларда. Бұл жағымсыз иістерді адамға білдірмеу үшін ауа тазартқыш заттарды пайдалынады. Ал ароматизаторлар бұл арнайы иіс беретің заттар. Мысалы шиенің не раушан гүлінің иісі бар заттар нарықта көп. Тұрмыстық химияның бұндай заттары көп.

Ағартқыш пен дақ кетіргіш заттар

Ақ түсті заттар тез кірленеді. Және ақ киімді заттардың түсі біртіндеп қоңырланады, сарғаяды. Бұларға ақ түсті қайта беру үшін ағартқыш заттар пайдалынады. Бұлар ұнтақ күйінде, қатты зат, гель не сұйық күйінде болады.

Дақ кетіргіш заттар киімдегі не бөлмедегі дақтарды кетіру үшін пайдалынады. Мысалы ақ жиденізге шие шырыны тамса және қатып қалса, жидеде қызыл дақ пайда болады. Бұны дақ кетіргіш затпен кетіруге болады.

Киім мен аяқ киімді күтуге арналған заттар

Киім күтуді қажет етеді, аяқ киім де. Мысалы аяқ киімнің терісі бүлініп кетпеуі үшін, бұны арнайы аяқ киім кремімен жағады. Ал киімдерді түсі, пішіні бүлініп кетпеуі үшін, кір жуғанда арнайы заттарды пайдалынады.