× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүлік нарығы

Жылжымайтын мүлік бұл үйлер, пәтерлер, ғимараттар, жер телімдері, пайдалы қазбаға бай жерлер және тағы сол сияқтылары жатады. Орын ауыстыруға келмейтін мүлік жылжымайтын деп заңмен бекітіледі. Бұл заңды күшіне ие ұғым.

 "Лавр" рестораны сатылады

"Лавр" рестораны сатылады

Бағасы: 60000000 тенге

Телефоны: +7(701) 359-06-97

Уақыты: 19.10.2019 жыл

Қала: Ақтау

Жылжымайтын және жылжымалы мүлік айырмашылығы

Жылжымалы мүлік бұл орын ауыстыруға келетің заттар. Мысалы сіздің үйініздегі теледидар жылжымалы мүлікке жатады. Себебі оны көлікке тиеп не қолға алып өзге жерге апаруға болады. Бұдан теледидар зақымдалмайды және өзінің құның жоғалтпайды.

Көлік те жылжымайтын мүлікке жатпайды, себебі көлікті бір жерден өзге жерге орын ауыстыруға болады, көлік жылжымалы мүлік боп табылады, ал үй жылжымайтын мүлікке жатады, себебі үйді қозғай алмаймыз. Жылжымайтын және жылжымалы мүлік осылай ажыратылады.

Жылжымайтын мүлік нарығы

Жылжымайтын мүлікке қатысы бар адамдар мен компаниялардың және олардың арасындағы шарттар жылжымайтын мүлік нарығын құрайды. Жылжымайтын мүлік нарығына - үй салушы компаниялар, үй сатушы компаниялар, делдалдар (риэлторлар), осы салада жұмыс істейтің заңгерлер және басқалары жатады. Қорыта айтсақ жылжымайтын мүлік нарығына жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар жатады.

Қазақстанда бұндай компаниялар көп, үй салатын, жөндеу жұмыстарымен айналысатын, ғимараттарды жалға беретің және басқа компаниялар. Кеңселерді жалға беретің компаниялар да осы нарыққа тиісті.